Науалы күндері  2010 аясында  3-ші рет  өткізілетін  спорт ойындары  жайлы

ЕРЕЖЕ

1.   Жарыстың мұраты мен мақсаты  

Спорт жарыстарын өткізудегі негізгі көзделетін мақсаттар;

  • Туған ауылымызда спортты насихаттау, жандандыру, дамыту.
  • Өскелең ұрпақтың дені сау , мықты болып өсіп, спортқа құштарлығын арттыру
  • Науалылықтардын туған жеріне, туған ауылына деген сүйіспеншілігін арттыру

2.   Жарысты ұйымдастыру және басқару

Жарысты ұйымдастыру мен басқару, ұйымдастырушылар комитеті,  ауыл спорт ардагерлері, ауыл әкімшілігімен  тығыз байланыста  өткізеді.

Жарысты жүргізу Бар төрешілер алқасына тапсырылады . Төрешілер алқасын ұйымдастыру комитеті тағайындайды.

 

 

3.   Жарысқа қатынасушылар. Командалар мүшелері

Жарысқа Науалы ауылының командасы және де Ұржарда, Семейде, Өскеменде, Астанада, Алматыда тұратын Науалылықтардан тұратын командалары шақырылады.  Биылғы жылғы, яғни  2010 жылғы жарысқа көршілес ауылдардан және де басқа қалалардан келеміз деген командалардың қатынасыуына болады.

Жарыс келесі спорт түрлерінен өткізіледі:

 

Ойын түрлері

Ойыншылар саны

Жарыс өткізу тәртібі

Толықтыру

1

Футбол

6

Бар жиналған командалар 2 топқа бөлініп айналма (круговая система) әдісімен ойналады

1-2 орын алғандар жартылай финалға шығады. 1 ойыншы сырттан қосуға болады.

2

Волейбол

6

Бар жиналған командалар 2 топқа бөлініп айналма (круговая система) әдісімен ойналады

1-2 орын алғандар жартылай финалға шығады. 1 ойыншы сырттан қосуға болады.

3

Баскетбол

5

Бар жиналған командалар 2 топқа бөлініп айналма (круговая система) әдісімен ойналады

1-2 орын алғандар жартылай финалға шығады. 1 ойыншы сырттан қосуға болады.

4

Столл теннисі

3

Бар жиналған ойыншылар  2 топқа бөлініп айналма (круговая система) әдісімен ойналады

1-2 орын алғандар жартылай финалға шығады. Сырттан  ойыншы қосуға болмайды.

5

Қазақша күрес

3 +3

70 кг дейін және 70 тен жоғары (түйе палуан)

 

6

Шахмат

3

Бар жиналған ойыншылар 2 топқа бөлініп айналма (круговая система) әдісімен ойналады

1-2 орын алғандар жартылай финалға шығады. Сырттан ойыншы қосуға болмайды.

7

Арқан тарту

3

Бар жиналған ойыншылар 2 топқа бөлініп айналма (круговая система) әдісімен ойналады

1-2 орын алғандар жартылай финалға шығады. 1 ойыншы сырттан қосуға болады.

 

Командалар  тек спорттың 7  түрінен  толық қамтамасыз еткенде ғана толық команда деп есептеледі және жалпы командалық марапатталуға мүмкінділік алады

Жарысқа қатынасу үшін өтінішті Науалы сайтына  20 шы шілдеге дейін  эл почта арқылы жіберуге болады

4.   Жарыстартар өткізілетін уақыты мен орны

Жарыстар 1-2 тамыз күндері Науалы ауылында Төлеубеков мектебінде өткізіледі.

Жарыс салтанатты түрде командалар сапқа тұрып, мемлекетіміздің туын көтеріп, ән ұранымен басталады.

2 –тамыз күні кешке Науалы мәдениет үйінде Науалы ауылының көркемөнерпаздарының күшімен дайындалған концертін тамашалаумен аяқталады

5.   Жарыстар өткізілу тәртібі

Командалар жеребе бойынша топтарға бөлінеді

Әр спорт түрінен жеңімпаздар жеке анықталады.

1 орынга - 3 ұпай:  2 орынга -2 ұпай:  3 орынга - 1 ұпай  беріледі Жеңімпаздар ақшалай, бағалы сыйлықтармен және арнайы дипломдармен марапатталады.

Жалпыкомандалық жеңімпаз жеңістерде жинаға командалардың ұпай санымен анықталады және ауыспалы кубокпен марапатталады.

Ойынға кешіккендер мен келмей қалғандарға қолданатын шаралар; Командалық ойындарға 15 минут кешіккен командаларға, жеке спорт түрлеріне 5 минут кешіккендерге жеңіліс жазылады.  

 

6.   Өтініш беру және қабылдау тәртібі

Командалар тек ресми түрде өтініш берген соң және ұйымдастыру алқасы бекіткен соң ғана жарысқа қатынастырылады.

Жарысқа қатынасу үшін өтініш Науалы сайтына эл почта арқылы, болмаса Науалы әкіміне жазбаша түрде тапсырылуы керек. Өтініштер  шілде айының 20-на дейін қабылданады

7. Марапаттау

Жарыста жалпы командалық бірінші орын алған  команда ауыспалу кубокпен марапаталады Жүлделі орынға іліккен команда ақшалай сыйлықпен және дипломдармен марапаталады.

Жеке спорт түрлерінен жеңімпаздар мен жүлделі орын алғандар ақшалай, бағалы  сыйлықтармен  және дипломдармен марапатталады

8.    Шығындар. Командаларды қарсы алу мен орналастыру

Жарысты өткізуге Науалы ауылынан шыққан әр азамат қал - қадарынша көмек көрсетіледі деп күтеміз. Әсіресе ауылдан шыққан кәсіпкер және де лауазымды азаматтарға үміт артылады. Демеу көрсетемін деген кез келген азамат жарыс болатын күні ұйымдастыру алқасына кез - келген мөлшерде ақшалай қаражатын тапсыра алады Ескерту: Демеу қаржысы мөдщері 100 мың доллардан артық,  болмаса 1 мың теңгеден кем сома болса қабылданбайды!. Демеушілердің тізімі Науалы сайтында ауыл тұрғындарының алғысымен жарияланатын болады.

Жарысқа басқа қалалардан келген қонақтарды орналастыру, тамақтандыру сол қалалардан келген ұйымдастырушылар мен ауылдағы достарының мойнына жүктеледі.

Жарыс біткен күнінің ертеңіне жеңімпаз  команда  Майтөккенде  Тұрсын ағамыздың әйгілі сірнесінен жеп, Макен (Көләй) ағамыз бен Даулет бауырымыз жүргізетін   «Наша Науалаша» концертік бағдарламасын және де ауылдың Мәдениет үйінде ауыл өнерпаздарының концертін  тамашалай алатын болады

9. Спортық форма

Әр команда өзінің түсі бірдей спорттық фомасымен келуге тиіс. Формасы жоқ команда жарысқа жіберілмейді.

10.  Шағым (Протест болмаса Байкот жариялау тәртібі).  

Көләй ағамыздың 60- жасқа толуына байланысты  биылғы жылы Байкот деген сөзге  мараторий жариаланады

Науалы күндерін өткізуге арнайы сайланған ұйымдастыру алқасы

Абланбаев Бейсен .8 701 733 7542

Салимов Ерлан 8 707 702 0012

Нұрсила Ахметбек  8 701 731 4216

Жүкенов Тұрсын 8 701 722 8233

 Сайт: http://naualy.narod.ru/

Эл адрес: naualy@yandex.ru

 

 

 

2010index.html
жылдың 1-2 тамызында туған ауылымыз Науалыда алғашқы рет Науалы күндері деген айдармен мейрам өткізілді

© Қазақбай әль Науали ибн Зада

Бесплатный хостинг uCoz