Туған жерНауалым ауылымАдрес: Шығыс Қазақстан Ұржар ауданы Науалы ауылы Телефон: 7017314216 E-mail: naualy@yandex.ru |
|
Көп түкірсе көл Халық мақалы
Өзің үшін еңбек қылсаң, өзі үшін оттаған хайуанның бірі боласың; адамдықтың қарызы үшін еңбек қылсаң, алланың сүйген құлының бірі боласың. Абай
Науалы ауылының түлектеріне үндеу!
Аса қымбатты Науалы ауылының Әліби Жангелдин, Қойшыбай Төлеубеков (В.Маяковский) мектептерінің түлектері. Өздеріңе Науалы ауылының тұрғындары атынан осы мектептердіің қазіргі көзі тірі ардагер мұғалімдері сәлем жолдап отыр. Біздің Науалы ауылы қашан да берекелілігімен, ынтымақтығымен мақтанатын ауыл ғой. Туған елге, туған жерге деген махаббат туған ауылыңнан басталатынын мектепте де шама келгенше үйреттік, өмірде де қолымыздан келгенше қағида қылып келдік. Қазір әрине, заманның талабымен барлықтарың жан- жақта өмір сүріп жатырсыңдар. Дегенмен, суын ішіп, топырағын басып, білім алып шыққан ауылдарың жүректеріңнің түбінде екеніне біз кәміл сенеміз! Өмір болған соң өлім- жітімсіз, той -томалақсыз болмай тұрмайды. Осындай кездерде біздің ауылдың адамдарының қиналысқа түсіп қалатын жағдайы бар. Көрші ауылдардың бәрінде дерлік азаматтары жақсы Қатымханалар салып берген көрінеді. Тек біздің Науалыда ғана дұрыс Қатымхана болмай тұр. Ауылдың азаматтары Науалының орталығынан Қатымхана салсақ деген ниетпен ауылымыздың молдасы Мұхамедрахымның атына есеп- шот ашып қойған көрінеді. Әр жылдың түлектері 5-жылда, 20- жылда, тіпті берекесі мықтылар 30-40 жылда жиналып бас қосып жататындарыңды білеміз. Шама - шарқыларың келгенше, бір- біріңмен хабарласып, осы игі шараға көмектеріңді көрсетулеріңді сұраймыз. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»,- деген екен бабаларымыз. «Алла қалап көп болып жабылып кетсек, қаражат шешілсе, келер жылы тамыз айына дейін салып бітіреміз»,- деп отыр ауылдастарыңыз Құрметпен Ардгер мұғалімдер:
Алла берекеден айырмасын!
Аса қымбатты жерлестер! Биылғы 2010 жылдың жазында ауылдың ортасынан қатымхананың іргетасы қаланды. Енді көптеп көмектеп, алла каласа, 2011 жылдың тамызына дейін бітіреміз бе, деген үміттеміз. Әр жылы бітірген түлектер осыған бірігіп қаржы жібереді деген сеніммен ауылымыздың молдасы Даңғылбаев Мұхамедрахым ағамыздың атына арнайы қайырымдылық есеп -шотын ашып қойдық
Қатымхана есеп шоты: Дангылбаев Мухамедрахим KZ70826F1KZTD3024861 филиал АО АТФ банк г Семей Түскен ақшаның есеп қисабын Науалы ауылдық советтің есепшісі Қонабаев Даурен Ұялы тел: 8 777 742 7422 жұмыс тел: 8 (72230) 28 293
Түскен ақшаның әр тиыны тек қатымхана құрылысына кетуін қадағалауды және құрылысты ұйымдастыруды ауылымыздың азаматы Нүрсиленов Сайлаубек және де ауылдың әкімі мен өз мойынымызға алып отырмыз.
Қаржыны жинастырып, осы көрсетілген шотқа жіберуді мектепті бірге оқып, әр жылы бітірген түлектердің ішінен белсенді азаматтар шығып ұйымдастырады деп сенеміз. Осы азаматтарға өтінішіміз: Жаналған қаржыны көрсетілген есеп шотқа аударып, тізімін Науалы сайтына хатпен және де Науалы әкімшілігене хатпен жіберсеңіздер. Науалыдан шыққан жерлестермен қай жерде кездессеңіздер осы мәселені айтып, жариялай жүріңіздер. Жағдайға қарай әр от басы 5000-10000 , шамасы келгендер 50 000 -100 000 теңгеден жинаса, осы қаржы молынан жететін түрі бар. . Алла қалап, қатымхананы бітіріп, бет ашарын жасағанда түскен қаражаттардың мөлшерін көрсетіп тізімді қатымханаға және Науалы сайтына іліп қоярмыз. Ұсыныстарыңыз, сұрақтарыңыз болса Науалы сайтына хат жазыңыздар Сайт: http://naualy.narod.ru/ Эл адрес: naualy@yandex.ru Туған ауылңыз Науалыға қолыңыздан келгенше көмегіңізді көрсетеді деп күтеміз
Құрметпен Науалы ауылының әкімі Шоқпарбаев Өмірбек
|
|
© Қазақбай әль Науали ибн Зада |